«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе клуб тарихындағы бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Француз футболшысы Ла Лигадағы алғашқы маусымында 30 голдан артық соққан мадридтік клуб тарихындағы алғашқы ойыншы атанды. Бұл туралы Squawka мәлімдеді.
«Реал Сосьедадқа» қарсы кездесуде дубль авторы атанған Мбаппенің Ла Лигадағы голдар саны 31-ге жетті. Бұл нәтиже Мбаппені Испания чемпионатының тарихындағы ең нәтижелі дебют маусым иелерінің үздік үштігіне шығарды:
• 34 гол — Роналдо (1996/97, «Барселона»)
• 33 гол — Пруден (1940/41, «Атлетико Авиасьон»)
• 31 гол — Килиан Мбаппе (2024/25, «Реал Мадрид»)
• 30 гол — Ромарио (1993/94, «Барселона»)
Ағымдағы маусымда Килиан Мбаппе жалпы 54 ойында 42 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Еске салсақ, ол өткен жазда «ПСЖ»-дан еркін агент ретінде «Реалға» ауысты.