25 мамыр күні Ақтөбеде кәсіби бокс кеші өтіп, екі титулдық жекпе-жекпен аяқталды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Жеңіл салмақта жергілікті боксшы Нұртас Ажбенов (16-1, 6 KO) отандасы Заманбек Данабековті (4-2, 2 KO) екінші раундта нокаутқа жіберіп, Қазақстанның Кәсіби бокс комиссиясының чемпиондық белдігін иеленді.
Сондай-ақ, 2023 жылдан бері алғаш рет рингке шыққан Айдос Медет (13-0, 9 KO) екінші жеңіл салмақта Қанағат Манатұлын (6-2, 4 KO) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, дәл осындай титулдың иегері атанды.
Айта кету керек, бокс кеші көрермендерсіз өтті.