Каталониялық «Барселона» клубы өзінің жас жұлдызы Ламин Ямальмен жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport-24.kz. Жаңа келісім бойынша футболшы 2031 жылға дейін клуб намысын қорғайтын болды.
Журналист Серхи Капдевиланың мәліметінше, 17 жастағы вингер жылына шамамен 8 миллион еуро «таза» табыс табатын болады. Бұдан бөлек, келісімшартта түрлі бонустар қарастырылған. Атап айтқанда, егер Ямаль «Алтын допты» жеңіп алса, ол үшін арнайы сыйақы төленеді. Егер барлық қосымша шарттар орындалса, ол командадағы ең көп жалақы алатын ойыншыға айналуы мүмкін.
Өткен маусымда Ямаль «Барселона» сапында 55 матчқа қатысып, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген болатын.