Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев елордалық Grand Slam турнирінде Абиба Абужақынованың неге өнер көрсетпегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
— Абиба бұл жарысқа қатысқан жоқ. Ол — Қазақстан чемпионы, жақында Азия чемпионатына қатысып келді. Біздің жаттықтырушылар штабы спортшыларды бірінші, екінші, үшінші нөмір деп бөлмейді. Олар әр спортшының дайындық деңгейін және белгілі бір жарысқа қатысу мүмкіндігін ескере отырып шешім қабылдайды, — деді Имашев «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Абужақынова мамыр айының басында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алған болатын. Жартылай финалда ол Қытай спортшысы Вэньне Чжуаннан жеңіліп қалды.