Астаналық «Барыс» хоккей клубының қарызы 1,7 миллиард теңгеге жеткені белгілі болды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бұған дейін клуб екі айдан астам уақыт бойы ешқандай төлем жасамағаны туралы ақпарат тараған еді. Сондай-ақ, клюшка мен ойын формаларына кеткен қаражатты қайтару бойынша да қарыздары бар екені белгілі болды.
Еске сала кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымында «Барыс» клубы Шығыс конференциясында 35 ұпай жинап, 12-орынды қанағат тұтты. Команда 68 ойынның 54-інде жеңіліп қалды.