Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Назым Қызайбай алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Спортшы Instagram парақшасында өзінің қарқынды күштік жаттығу жасап жатқан видеосын жариялап:
— Бір жылда екі әлем чемпионаты. Біріншісі қалтада. Енді екіншісіне жол тарттым. Дайындық қызу жүріп жатыр, — деп жазды.
Назым Қызайбай — Қазақстан боксының тарихындағы үш дүркін әлем чемпионы (Чеджу-2014, Астана-2016, Ниш-2025).
Айта кетейік, 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде (Ұлыбритания) World Boxing ұйымының аясында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Егер Қызайбай осы турнирде жеңіске жетсе, ол төрт дүркін әлем чемпионы атанатын болады.