«Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбе» жанкүйерлеріне айтқан балағат сөздеріне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport-24.kz.
— Бізге белгілі ақпаратқа сәйкес, кеше «Ақтөбе» жанкүйерлеріне қатысты айтылған бейәдеп сөздері үшін «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге 5, 10 немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қаупі төніп тұр. Қамауға алынбаса да, жазасыз қалмайды. Оның айтқандары тіркеліп қойды, сондықтан оған жеңілдік болмайды. Мемлекеттің саясаты осындай. Рафаэль Радиковичтен кешірім күтуге бола ма? — деп жазды дереккөз.
Айта кетейік, ҚПЛ-дың 11-турындағы «Ақтөбе» — «Қайрат» матчы 2:1 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды.