Қазақстан дзюдодан ұлттық құрамасы 2025 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына арналған құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Қазақстан құрамасы мынадай құрамда жасақталды:
Ерлер:
• 60 кг: Мәжжан Шамшадин, Шерзод Давлатов
• 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев
• 73 кг: Есет Қуанов
• 81 кг: Абылайхан Жұбаназар
• 90 кг: Мейірлан Максим
• 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
• 100 кг жоғары: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
• 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
• 63 кг: Эсмігүл Қуюлова
Чемпионат 13-20 маусым аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтеді. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақ дәрежесі бойынша медальдар үшін бақ сынайды.