21/06/25

ПСЖ клубы Чемпиондар Лигасындағы жеңісі үшін қанша табыс тапты?

Францияның ПСЖ клубы Чемпиондар Лигасының 2024/25 жылғы маусымында жеңіске жетіп, рекордтық табысқа кенелді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

УЕФА француздық клубқа маусым қорытындысы бойынша 148,4 миллион еуро көлемінде сыйақы береді. Бұл туралы Football Meets Data өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында мәлімдеді.

Аталған сомаға Чемпиондар Лигасының финалындағы «Интер» командасын 5:0 есебімен ұтып алғаны үшін 6,5 миллион еуро, сондай-ақ УЕФА Суперкубогына қатысқаны үшін 4 миллион еуро кіреді. Айта кетейік, Суперкубокта париждіктер «Тоттенхэм» командасымен кездеседі.

Ал финалда жеңілген миландық «Интер» клубы маусымдағы көрсеткіші үшін 136,6 миллион еуро табыс тапты. Үздік үштікті «Арсенал» қорытындылайды — ағылшындық клуб маусымдағы көрсеткіштеріне байланысты 117 миллион еуро табысқа ие болады.