WBA салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Қазақстандық боксшылар жаңа рейтингте мынадай орындарға ие болды:
— Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет сегізінші орыннан тоғызыншы орынға сырғыды.
— Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 14-орыннан түспей қалды. Осы салмақта Жанқош Тұраров WBA Gold белбеуінің иесі ретінде тіркелген.
— Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек екінші орында қалды. Бұл дивизионда әлем чемпионы — америкалық Ламонт Роуч-кіші, ал бірінші орында ресейлік Эльнур Самедов тұр.
— Ең жеңіл салмақта WBA Asia чемпионы Елшат Нығметолла 13-орыннан 12-орынға көтерілді.
Айта кетейік, 3 мамыр күні Бангкокте «Қазақ жауынгері» (Елшат Нығметолла) Намибия өкілі Филлемон Нгутенаньемен кездесу өткізіп, күтпеген нәтижемен тең түсті. Дегенмен, ол өзінің чемпиондық белбеуін сақтап қалды.