21/06/25

Мамыр айының қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 боксшы аталды

BoxRec.com сайты Қазақстанның үздік 10 боксшысының (салмақ дәрежесіне тәуелсіз) рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Сәуір айымен салыстырғанда, мамырда топ-10 құрамында тек бір ғана өзгеріс болды: Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 KO) ай басында намибиялық Филлемон Нгутенаньеге (12-0-2, 4 KO) қарсы өткізген күтпеген тең жекпе-жектен кейін жетінші орыннан сегізінші орынға сырғыды. Оның орнына Руслан Мадиев (17-2, 6 KO) көтерілді.

Қазақстандықтардың P4P рейтингінде көшбасшылықты Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) сақтап тұр. Ол орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулерінің иегері.

BoxRec.com нұсқасы бойынша мамыр айындағы қазақстандық үздік 10 боксшы:

1. Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO)

2. Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO)

3. Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 KO)

4. Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO)

5. Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO)

6. Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 KO)

7. Руслан Мадиев (17-2, 6 KO)

8. Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 KO)

9. Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO)

10. Сергей Липинец (18-4-1, 13 KO).