21/06/25

Гвардиола Ламин Ямальді Мессимен салыстырып, оның болашағы туралы айтты

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола «Барселона» вингері Ламин Ямальдің ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Испан маманы 17 жастағы футболшыны Лионель Мессимен салыстырды.

— Оған өз жолымен дамуына мүмкіндік беру керек. Уақыт өте келе, оны футболдың ең ұлы ойыншыларымен қатар қоюға бола ма, жоқ па — соны көреміз. Қазірдің өзінде бір нәрсе анық: Ламин — өте талантты ойыншы. Егер жарақаттан аман болса, оның керемет мансап құруға барлық мүмкіндігі бар. Қазірдің өзінде 17 жасында ең үздіктердің қатарында аталып жүр — бұл толығымен әділ, — деді Гвардиола BeIN Sports-қа берген сұхбатында.

2024/2025 жылғы маусымда Ямаль барлық турнирде 55 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген.