Санкт-Петербургтік “Зенит” түркиялық “Бешикташтың” жартылай қорғаушысы Жедсон Фернандешке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sport-24.kz. Ресейлік клуб ойыншының трансферлік құқықтарының 50 пайызын сатып алуды көздейді.
Алайда бұл жолы келісім оңай болмайтын сыңайлы. “Бешикташ” бұған дейін Фернандештің 50 пайыз үлесі үшін 6 миллион еуро төлеген, бірақ қалған бөлігін алу процесі баяу жүруде. Ал “Бенфика” ойыншыны толық сатуға асығар емес, себебі Сауд Арабиясынан жоғары ұсыныс түсуі мүмкін деп үміттенеді. Осы ретте “Зенит” та өз ұсынысын жолдаған.
Айта кетейік, өткен жылы “Зенит” “Бешикташтың” екі ойыншысын — Жедсон Фернандеш пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновті қатар алуға тырысқан еді. Бірақ ол кезде келісім жүзеге аспады.
Фернандеш өткен маусымда 49 матч өткізіп, 12 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Ал Зайнутдиновтың қазіргі жағдайы белгісіз — бұған дейін оның денсаулығына байланысты проблемалар бары хабарланған болатын.