UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Алматы облысының прокуратурасына барып, мекеме басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Кездесу барысында облыс прокуроры Берік Адамов пен Шавкат Рахмонов жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмыстарына қарсы күрес және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқылады.
Прокуратураның мәліметінше, Шавкат Рахмонов жастарды тәрбиелеу, спортты дамыту және оң құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы бастамаларды қолдайтынын айтып, ел үшін пайдалы жобаларға қатысуға дайын екенін білдірді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриге қарсы өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын.