22/06/25

Илия Топурия Ислам Махачевке қатысты ауыр мәлімдеме жасады

UFC ұйымының грузин чемпионы Илия Топурия ресейлік файтер Ислам Махачевке қатысты даулы пікір білдіріп, оны қоғам назарынан тыс қалған спортшы деп атады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Меніңше, Пэдди Пимблеттпен болатын жекпе-жек Ислам Махачевпен болатын кездесуден әлдеқайда қызықтырақ болар еді. Ислам ешкімге қызық емес. Тіпті Дағыстанда да ол жекпе-жек өткізген кезде адамдар ұйықтап қалады, ал таңертең ғана жекпе-жектің нәтижесін қарап шығады. Өз үйінде де ешкім оған назар аудармайды. Оның екі ауыз сөздің басын құрай алмайтыны да рас, — деді Топурия Кевин Айоле-ге берген сұхбатында.

Бұл мәлімдеме жанкүйерлер мен спорт сарапшылары арасында қызу талқы тудырды. Екі спортшы да UFC-дегі үздіктер қатарында саналады және мұндай пікірлер олардың арасындағы ықтимал жекпе-жекті одан сайын күмәнді әрі шиеленісті ете түсті.