22/06/25

Белал Мухаммад қазақстандық UFC жанкүйерлерін ренжітті

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Белал Мухаммад (24-4-0-1) Бакуде өтетін турнирге қатысып, кімдерді қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«Әзірбайжан – мен көптен барғым келген елдердің бірі. Бұл картта менің командалас досым Игнасио Бахамондес те бар. Ол менің інімдей, сондықтан оның жекпе-жегін көру, онымен бірге жаттығу жасап, жеңісіне куә болу үшін келдім.

Сондай-ақ мен Тагир Уланбековті қолдаймын және Мұхаммад Наимовтің жеңіске жеткенін көргім келеді. Негізгі жекпе-жекте Джамал Хиллдің жеңіске жетуін қалаймын. Мұнда мен танитын және жеңісін көргім келетін көптеген жігіттер бар. Мысалы, Кертис Блэйдс», – деді Мухаммад Матч ТВ-ге берген сұхбатында.

Атап өтсек, Бакуде өтетін кеште ресейлік жеңіл салмақта өнер көрсететін Тагир Уланбеков (16-2) қазақстандық Азат Максуммен (15-1) жекпе-жек өткізеді. Осылайша, Белал Мухаммад қазақстандық спортшының қарсыласын қолдайтынын ашық айтты. Бұл жағдай UFC-дегі қазақстандық жанкүйерлер тарапынан түсінбеушілік туғызуы мүмкін.