21/06/25

Беллингем «Реалдың» орнына жаңа клуб таңдады

«Сандерлендтің» жартылай қорғаушысы Джоб Беллингем өзінің мансабын дортмундтық «Боруссия» клубында жалғастыратынын келісіп, ресми шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бұл туралы Sky Sport журналисі Флориан Плеттенберг мәлім етті.

19 жастағы футболшы франкфурттық «Айнтрахттан» да ұсыныс алғанымен, ақырында өз таңдауын Дортмунд клубына тоқтатты. Енді «Боруссия» мен «Сандерленд» арасындағы келіссөздер алдағы күндері басталады деп күтілуде. Беллингем үшін неміс клубы шамамен 30 миллион еуро төлеуге дайын.

2024/2025 маусымының қорытындысы бойынша «Сандерленд» Чемпионшип плей-оффы арқылы Англия Премьер-лигасына жолдама алды. Ал «Боруссия» Бундеслигада төртінші орынды иеленіп, келесі маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Айта кетейік, Джобтың ағасы Джуд Беллингем бұған дейін «Боруссия» сапында ойнаған, қазіргі таңда ол «Реал Мадридтің» ойыншысы болып табылады.