Халықаралық футбол ассоциациялары кеңесі (IFAB) футболдағы пенальти соғуға қатысты жаңа ережені ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Енді футболшы кездейсоқ допты екі рет қатарынан соғып, пенальтиден гол соқса, ол қайта орындалады. Мұндай жағдай «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альвареске қатысты орын алған еді: Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчта аргентиналық шабуылшы пенальти орындау кезінде тайып кетіп, допты екі аяқпен соғып, нәтижесінде гол есепке алынбады.
IFAB бұл ережені 1 шілдеден бастап күшіне енгізетінін жариялады. Егер ойын кезінде екі рет тиген доптан пенальти голға айналмаса, қарсылас командаға еркін соққы беріледі. Ал матч соңындағы пенальти сериясында (айып добынан кейінгі серия) бұл әрекет гол ретінде есептелмейді.
Егер ойыншы пенальти кезінде әдейі допты екі аяқпен немесе екі рет қатарынан соқса, ойын кезінде де, пенальти сериясында да доп есепке алынбайды және қарсыласқа еркін соққы беріледі.
Бұл жаңа ереже футбол матчтарының әділдігін қамтамасыз ету және пенальти ережелерін нақтылау мақсатында қабылданды.