20/06/25

IIHF Ресейге қатысты жоспарын ресми түрде мәлімдеді

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) президенті Люк Тардиф Ресей және Беларусь құрамаларының 2027 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«Біз биыл ақпан айында 2026 жылғы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатын талқылау үшін жиналдық. Сол кезде Ресей мен Беларусь құрамаларына турнирге қатысуға рұқсат бермеу туралы шешім қабылдадық. Келесі жылы ақпанда тағы да кездесіп, 2027 жылғы турнирге қатысты осы мәселені қайта қараймыз», — деді Тардиф федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін — 2022 жылдың қыркүйегінде өткен жарты жылдық конгрессте — IIHF Ресей мен Беларусь құрамаларының хоккейдің жоғары дивизионында өз орындарын сақтап қалатынын мәлімдеген еді.

Бұл шешім Ресей мен Беларусь құрамаларының әлем чемпионатына оралуына қатысты мәселеге нақты шешім қабылдау үшін уақыт беріп отыр.