21/06/25

Генри Сехудо: Қазақстан — кәсіби спортшыларға құрмет көрсетудің үлгісі

Олимпиада чемпионы, UFC-дің экс-чемпионы Генри Сехудо Қазақстанға жасаған сапарына жоғары баға берді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Сехудо YouTube-тағы Pound 4 Pound арнасына берген сұхбатында MMA жанкүйерлерінің қонақжайлығына тәнті болғанын жасырмады. Оның айтуынша, Қазақстанда кәсіби спортшыларға деген көзқарас ерекше екен.

— «Мен көптеген елдерде болдым, бірақ Қазақстанда файтерлерге деген құрмет пен қолдау ерекше деңгейде. Меніңше, бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алып, спортшыларға осындай ілтипат танытуы керек. Себебі файтерлер футболшылардан да көп құрметке лайық», — деді Генри Сехудо.

Айта кетейік, Сехудо жақында Алматыда өткен Alash Pride турнирінде грэпплинг жекпе-жегінде жергілікті спортшы Қайрат Ахметовті жеңді.