21/06/25

39 жастағы Модричтің жаңа клубтағы жалақысы белгілі болды

39 жастағы хорват жартылай қорғаушысы Лука Модричтің «Миланға» ауысуы жағдайында алатын жалақысы 3-3,5 миллион еуро болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, италиялық клуб хорват жартылай қорғаушысын өз сапына қосуға ниетті. Себебі «Милан» клубының басшылығы Модричтің тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері команда ішіндегі тәртіпті күшейтіп, ойыншылардың жаттығуларға кешігуін азайтады деп сенеді. Сонымен қатар, мадридтік «Реалмен» келісімшарты 30 маусымда аяқталатындықтан, оны тегін алудың мүмкіндігі де клубқа тартымды болып отыр.

Бұған дейін Модричтің «Миланмен» 2026 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қоятыны хабарланған еді.