21/06/25

Месси жаңа клубын таңдауымен жанкүйерлерін таңғалдырды

Сегіз мәрте «Алтын доп» иегері Лионель Месси «Интер Майамиден» кетіп, «Ньюэллс Олд Бойз» командасына ауысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Журналист Флавио Аззароның мәліметінше, аргентиналық шабуылшы 2025 жылдың желтоқсан айында өз елінің чемпионатына оралып, кәсіби мансабын бастаған клубында ойнауды көздейді. Бұған дейін Месси футболдағы мансабын «Ньюэллс Олд Бойзда» аяқтағысы келетінін бірнеше рет айтқан болатын.

Айта кетейік, қаңтар айынан бері аталған клубта «Реалдың» бұрынғы қақпашысы Кейлор Навас та өнер көрсетіп жүр.

Лионель Месси 2023 жылдың жазынан бері «Интер Майамиде» ойнап келеді. Ағымдағы маусымда ол 13 матчта 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.