21/06/25

Өзбекстан құрамасында Абдуқодир Хусановқа қатысты сұрақтар туындады

Sport-24.kz сайтының хабарлауынша, өзбек комментаторы Отабек Джураев YouTube арнасындағы «Финт Тураева» бағдарламасында Өзбекстан құрамасы мен «Манчестер Сити» қорғаушысы Абдуқодир Хусановтың жағдайы туралы өз пікірін білдірді.

— Менің ойымша, біздің жалғыз сұрақ туындаған шеп — қорғаныс. Басқа шептерде — шабуыл, пас беру, қарсы шабуылға шығу — барлығы ойдағыдай. Қорғаныс шебінде ғана сұрақ бар. Біз автоматты түрде Хусанов, Ашурматов және Аликуловты бастапқы құрамға қосып қоямыз. Бірақ Хусановтың нақты бабында екенін тек Тимур Кападзе (Өзбекстан құрамасының бас бапкері) ғана біледі. Қағаз жүзінде Хусановтың құны — 50 миллион доллар, бірақ оны жаттығуда тек Тимур аға көріп жүр, — деді Джураев.

Айта кетейік, Хусанов қысқы трансферлік терезеде Францияның «Ланс» клубынан ағылшынның «Манчестер Сити» командасына ауысқан болатын. Ол «Сити» сапында барлық турнирлерде 9 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Соңғы матчтарда өзбек қорғаушысы ойынға шықпаған, кейбір кездесулерде тіпті құрамға да кірмей қалған.