21/05/25

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы жекпе-жек тамызда өтуі мүмкін

Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы мен WBC чемпионы Карлос Адамес арасындағы біріктіруші жекпе-жек туралы нақты ақпарат пайда болды, деп жазады Sport-24.kz.

Бұған дейін бұл жекпе-жек 19 шілде күні Лас-Вегаста өтетін PBC турнирінің бір бөлігі болады деген ақпарат тараған еді. Алайда Brunch Boxing бұл мәліметті жоққа шығарып, 19 шілдеде өтетін кешке Пакьяо — Барриос айқасы басты оқиға ретінде жоспарланғанын хабарлады.

Brunch Boxing дереккөздеріне сенсек, Жәнібек пен Адамес арасындағы кездесу тамызда өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Карлос Адамес жуырда берген сұхбатында Жәнібекпен жекпе-жек өткізуді басты мақсат деп атап, қазіргі уақытта қос тараптың өкілдері келіссөз жүргізіп жатқанын растаған болатын.