Нидерландының Эйндховен қаласында өтетін беделді халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Турнирде ел намысын қорғайтын боксшыларымыз және олардың алғашқы қарсыластары:
• 50 кг: Даниял Сәбит (Қазақстан) — Максим Рудик (Украина)
• 55 кг: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) — Максим Зименко (Украина)
• 60 кг: Ерхан Тұрдан (Қазақстан) — Расул Гулиев (Украина)
• 65 кг: Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) — Хилаль Салех (Швеция)
• 70 кг: Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) — Александр Трофимчук (Литва)
• 75 кг: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) — Орландо Холли-Сотоми (Уэльс)
• 80 кг: Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) — Иво Пеллебур (Нидерланды)
• 85 кг: Дәулет Төлемісов (Қазақстан) — Валерий Вальтер (Германия) немесе Идрис Леганас (Бельгия)
• 90 кг: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) — Дакай Альбон (Босния және Герцеговина)
• +90 кг: Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) — Мервель Бинда (Германия).
Айта кетейік, турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен 200-ден аса спортшы қатысады. Турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.