ФИФА әлеуметтік желідегі парақшасында Өзбекстан құрамасының Әлем чемпионаты-2026 турниріне жолдама алуын атап өтті, деп хабарлайды Sport-24.kz.
«Өзбекстан алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алды!» — деп жазды ФИФА.
Өзбекстан құрамасы ӘЧ-2026 жолдамасын Азия аймағының іріктеу турнирінде БАӘ құрамасымен өткен кездесудегі (0:0) тең нәтижеден кейін қамтамасыз етті. А тобынан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне сонымен қатар Иран құрамасы шықты. Айта кетейік, Өзбекстан әлем чемпионатына сегізінші талпынысында ғана жолдама алып отыр — бұған дейінгі жеті іріктеу кезеңінде команда турнирге өте алмаған еді.
Әлем чемпионаты-2026 келесі жылы АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.