Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль әйгілі бразилиялық шабуылшы Пеленің жетістігін қайталап, 18 жасқа толмай тұрып Франция құрамасының қақпасына үш гол соққан алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
2025 жылғы 5 маусымда 17 жастағы Ямаль УЕФА Ұлттар Лигасының жартылай финалында Испания мен Франция арасындағы кездесуде (5:4) дубль авторы атанды. Айта кетсек, бұған дейін ол 2024 жылғы 9 шілдеде 16 жасында Евро-2024-тің жартылай финалында француздардың қақпасына гол соққан еді (Испания — Франция, 2:1).
Осылайша, Пеледен кейін 18 жасқа дейін Франция құрамасына үш гол соққан алғашқы ойыншы Ламин Ямаль болып отыр. Айта кетейік, Пеле 1958 жылы Швецияда өткен Әлем чемпионатының жартылай финалында Бразилия — Франция матчында (5:2) хет-трик жасаған болатын.