Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу турнирінің J тобында кезекті ойындар өтті, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Солтүстік Македония құрамасы өз алаңында Бельгиямен сенсациялық түрде тең түсті — 1:1. 28-минутта бельгиялық Максим Де Кёйпер есеп ашты, алайда кездесудің 87-минутында Эгзиян Алиоски Солтүстік Македонияға есепті теңестіруге көмектесті.
Ал осы топтағы параллель ойында Уэльс өз алаңында Лихтенштейнді 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Голдарды Джо Родон (40-минут), Харри Уилсон (66-минут) және Киффер Мур (69-минут) соқты.
Айта кетейік, осы топта Қазақстан құрамасы да өнер көрсетуде. Қазіргі таңда турнир кестесі мынадай:
• Уэльс — 7 ұпай (3 ойын)
• Солтүстік Македония — 5 ұпай (3 ойын)
• Қазақстан — 3 ұпай (2 ойын)
• Бельгия — 1 ұпай (1 ойын)
• Лихтенштейн — 0 ұпай (3 ойын).
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 9 маусым күні Астанада Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.