Қазақ боксшылары Нидерландының Эйндховен қаласында өтіп жатқан халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде алғашқы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Турнирдің бірінші күнінде алты қазақстандық рингке шықты: Ерхан Тұрдан, Ертуған Зейнуллинов, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Сағындық Тоғамбай және Нұрлан Сапарбай.
Жекпе-жек нәтижелері төмендегідей:
•60 кг: Ерхан Тұрдан (Қазақстан) — Расул Гулиев (Украина) — төрешілер шешімімен жеңіс Гулиевке берілді.
•65 кг: Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) — Хилаль Салех (Швеция) — төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Зейнуллиновқа берілді.
•70 кг: Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) — Александр Трофимчук (Литва) — төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Жүсіповқа берілді.
•75 кг: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) — Орландо Холли-Сотоми (Уэльс) — төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Аққалықовқа берілді.
•90 кг: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) — Дакай Альбон (Босния және Герцеговина) — екінші раундта Тоғамбай қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңіске жетті.
•90+ кг: Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) — Мервель Бинда (Германия) — төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Сапарбайға берілді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы алғашқы күні бес жеңіске қол жеткізіп, бір ғана жекпе-жекте жеңіліп қалды.