21/06/25

Мбаппе «Алтын допты» кімге табыстайтынын айтты

Франция құрамасының және мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе өткен маусымның қорытындысы бойынша «Алтын допқа» лайық деп санаған футболшыларды атады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Дембеле үшін дауыс берер ме едім? Иә. Неге екенін түсіндірудің қажеті бар ма? Ямаль мен Дембеле арасынан таңдау болса, мен Дембелені таңдаймын. Бұл анық қой!

Барлығы өте жылдам дамып жатыр, соңғы жеңімпаздар да соны көрсетті. Біз бұрын «Алтын допты» жеңіп алған кейбір футболшылар туралы айтпадық та. Сыйлық қыркүйекте табысталады ғой? Сол уақытқа дейін көп нәрсе өзгеруі мүмкін, бірақ қазіргі таңда біз Усман Дембеле мен Ламин Ямаль туралы айтып отырмыз, — деді Мбаппе.