21/05/25

Өзбекстан құрамасы бокстан Әлем кубогында қарсыластарын ойсырата жеңіп жатыр

Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан Феликс Штамм турнирінде (World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін Әлем кубогы мәртебесіне ие) өзбек боксшылары ширек финалдық кезеңде сенімді өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Ширек финалда тіркелген нәтижелер:

  55 кг: Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан) — Кори Джонс (Уэльс) — 5:0

  65 кг: Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан) — Усайну Хансен (Германия) — бірінші раундта қарсыласы жарақат алып, Муйдинхуджаев жеңіске жетті

  75 кг: Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан) — Кауэ Белини (Бразилия) — 3:2

  80 кг: Джавахир Умматалиев (Өзбекстан) — Уильям Чолов (Болгария) — 4:1

  85 кг: Акмалжон Исроилов (Өзбекстан) — Самет Эрсой (Түркия) — 5:0

Өзбекстан құрамасы осы турнирде нағыз фаворит ретінде өнер көрсетіп жатыр. Жартылай финал — келесі сынақ!