21/06/25

UFC-дегі Шавкат Рахмоновтың жоспары белгілі болды

UFC жартылай орта салмақтағы қазақстандық жеңілмеген файтер Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров шәкіртіне Иэн Гэрримен қарымта жекпе-жек өткізу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Қазіргі таңда бізге Иэн Гэрримен реванш жекпе-жегі қызық емес. Бұл біз үшін өткен кезең. Әрине, болашақта бәрі мүмкін. Қазір біз үшін маңыздысы — жеңісті серияны жалғастырып, титулдық жекпе-жекке лайық екенімізді дәлелдеу. Әділдік үшін айтсам, бізге бірден титулға таласу мүмкіндігін беру керек еді. Дегенмен, титулға дейін тағы бір кездесу өткіземіз деп ойлаймын. Ал Иэн Гэрри өз ісін октагонда дәлелдей берсін, — деді Базров.

Еске салайық, Рахмонов пен Гэрридің жекпе-жегі өткен жылдың желтоқсан айында өтіп, қазақстандық файтердің жеңісімен аяқталған болатын. Содан бері Рахмонов денсаулығына байланысты октагонға шықпаған еді. Оның жыл соңына дейін жекпе-жекке оралуы күтіліп отыр.