Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы әрі қазіргі таңда Әзірбайжанның «Сабах» клубында өнер көрсетіп жүрген Стас Покатилов бұрынғы бас бапкер Магомед Адиев кезіндегі шақыртудан неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
YouTube-тегі BorodAbata арнасына берген сұхбатында Покатилов:
— Магомед Мусаевичпен ашық сөйлестік. Жиын алдында өзім хабарласып, сөйлестім. Ол өз көзқарасын жеткізді, мен де өзімдікін айттым. Сосын мен ашық сұрадым: «Қандай формада болса да, негізгі құрамда Шац (Игорь Шацкий) ойнай ма?» — дедім. Ол: «Иә, солай», — деп жауап берді. Сосын мен: «Егер сіз маған сенбесеңіз, менің шақыртумен келуімнің не мәні бар?» — деп жауап қаттым, — деді Стас.
Айта кетейік, Магомед Адиев 2022–2024 жылдар аралығында Қазақстан құрамасын жаттықтырды. Оның тұсында команда 20 матч өткізіп, 11 рет жеңіске жеткен болатын.