Танымал қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қасиетті Мекке қаласында үлкен қажылық кезінде кездесіп қалды.
Бұл сәт әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады. Қос спортшының бейнежазбасы TikTok пен Instagram платформаларында кең таралып, мыңдаған пікір мен лүпіл жинап үлгерді.
Видеодан қос спорт саңлағының бір-бірімен жылы амандасып, жымиып әңгімелескен сәті көрінеді.