21/06/25

Португалия — Испания матчы пенальти сериясына дейін созылды

Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Аренада» УЕФА Ұлттар лигасының финалдық матчы өтті, онда Португалия мен Испания құрамалары күш сынасты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Негізгі уақыт тең аяқталды — 2:2. Португалия сапынан Нуну Мендеш (26-минут) және Криштиану Роналду (61) гол соқты. Испаниядан Мартин Субименди (21) мен Микель Оярсабаль (44) есеп ашты. Қосымша екі экстра-таймда гол соғылған жоқ.

Матчтың тағдырын пенальти сериясы шешті, онда португалиялықтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Португалия құрамасы тарихында екінші рет Ұлттар лигасының кубогын жеңіп алды. Айта кетейік, олар алғашқы кубокты 2019 жылы иеленген болатын.