21/06/25

Роналду Ұлттар лигасының финалында тарихи жетістікке жетті

«Аль-Наср» клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ұлттар лигасының финалында тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Испанияға қарсы өткен ойында Роналду 40 жас 203 күнде алаңға шығып, бұл турнир тарихындағы финалда алаңға шыққан ең егде жастағы футболшы атанды. Осылайша, ол 2023 жылы Испанияға қарсы финалда 37 жас 282 күнде алаңға шыққан Хорватияның жартылай қорғаушысы Лука Модричтің рекордын жаңартты.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Испанияға қарсы ойында гол соғып үлгерді. Бұл гол португалиялық футболшының кәсіби мансабындағы 938-ші голы болып, әлемдік рекорд саналады.