20/06/25

Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық жарысындағы орны белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Франция ашық чемпионатынан (Ролан Гаррос) кейін чемпиондық жарыс рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Қазіргі уақытта бірінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр — оның еншісінде 6420 ұпай бар. Финалда оны жеңген америкалық Кори Гауфф екінші орынға көтерілді (4598) — ол бірден үш сатыға алға шықты. Үшінші орында оның отандасы Мэдисон Киз (3779) орналасқан.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлі де сегізінші орында келе жатыр — оның қоржынында 2190 ұпай бар. Ал Юлия Путинцева алты сатыға жоғарылап, 692 ұпаймен 40-орынға тұрақтады.