ФИФА Шотландияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчты Беларусьтің Минск қаласындағы Ұлттық стадионда өткізу туралы Беларусь футбол федерациясының өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Heraldscotland.com мәліметінше, Парагвайда өткен ФИФА конгресінде Беларусь тарапы осы шешімге қатысты соңғы апелляциясын жасап көрген, бірақ ол да қабылданбады.
Беларусь құрамасы 2022 жылдан бері өз алаңындағы матчтарын бейтарап алаңда өткізіп келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні Борисовта өткен жолдастық матчта Беларусь құрамасы Қазақстан құрамасын 4:1 есебімен жеңген еді.