Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің J тобындағы соңғы ойындардан кейін Қазақстан құрамасының жағдайы өзгерді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Астанада өткен матчта Қазақстан Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен есе жіберді. Бұл кездесуден кейін Бельгия құрамасы Уэльсті 4:3 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде алға шықты.
Қазіргі кезде J тобында командалардың орналасуы төмендегідей:
- Солтүстік Македония — 8 ұпай (4 матч)
- Уэльс — 7 ұпай (4 матч)
- Бельгия — 4 ұпай (2 матч)
- Қазақстан — 3 ұпай (3 матч)
- Лихтенштейн — 0 ұпай (3 матч)
Осылайша, Қазақстан құрамасы төртінші орынға сырғыды.