Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшымен арадағы қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Головкин мен Санчес 2019 жылға дейін он жылға жуық уақыт бірге жұмыс істеген еді. Бірақ бапкерлік сыйақы мөлшеріне қатысты келіспеушіліктерден кейін олар жолдарын айырды. GGG содан бері Джонатон Бэнкстің қол астында жаттығып келеді.
— Мен 2019 жылдың ақпанынан бері Геннадиймен сөйлескен емеспін, — деді Санчес World Boxing News басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазіргі таңда Абель Санчес қазақстандық бірінші орта салмақтағы боксшы Садриддин Ахмедовті жаттықтырып жүр.