21/05/25

UFC Қазақстанда турнир өткізбек. Алғашқы мәліметтер жарияланды

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Парламентінің депутаты әрі Alash Pride ММА лигасының президенті Данияр Каскарауов мәлімдеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Қазіргі уақытта UFC ұйымымен Қазақстан аумағында турнир өткізу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Олар бұл идеяға дайын. Алдағы уақытта Баку не Абу-Дабиде өтетін турнирлердің бірінде UFC президенті Дана Уайтпен кездесіп, нақты келіссөздер жүргізу жоспарымызда бар. Егер барлығы ойдағыдай болса, турнир осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін. Алайда мұндай ауқымды шара үшін үлкен қаржылай қолдау қажет, — деді Каскарауов QR News-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, 21 маусым күні Баку қаласында UFC Fight Night 260 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Джамал Хилл мен Халил Раунтри кездеседі.