21/06/25

Магомед Адиев Асхат Тагыбергеннің ұлттық құрамадан кетуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев 34 жастағы жартылай қорғаушы Асхат Тагыбергеннің халықаралық мансабын аяқтауына орай өзінің алғысын жеткізді. Асхат Тагыберген Солтүстік Македонияға қарсы өткен әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің үшінші тур матчынан кейін ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген болатын.

Ол Қазақстан құрамасында 63 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

«Асхат, Қазақстан үшін жасаған барша еңбегіңе рақмет. Сенің қасыңда болу мен үшін үлкен мәртебе болды», — деп жазды Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясының Instagram парақшасында жарияланған жазбада.