20/06/25

АСА Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр

Ресейлік АСА ММА лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев промоушеннің Қазақстанда ауқымды турнир өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бадаевтің айтуынша, басты жекпе-жек ретінде қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы мен ресейлік Максим Гришиннің арасындағы реванш болуы мүмкін. Олардың алғашқы кездесуі 2023 жылдың желтоқсанында RCC лигасында өтіп, Гришиннің жеңісімен аяқталған. Алайда кейін бұл жекпе-жек ресми түрде өтпеген деп танылды.

— Бұл әлі нақты емес, бірақ лига қыркүйек айында Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр. Турнирде Артём Резниковты, Асылжанды көргіміз келеді. Мүмкін, Багдос (Олжабай) лигамен қайта келісіп, оралса, оны да шақырамыз. Сонымен қатар, тағы екі-үш жергілікті үміткерді қатыстыру ойда бар, — деді Бадаев өз подкастында.

АСА-ның Қазақстанда турнир өткізуі елдегі ММА жанкүйерлері үшін үлкен оқиға болмақ.