20/06/25

WBA Балауса Мұздыманға қатысты ресми шешім шығарды

Қазақстандық боксшы, елдегі ең сұлу спортшы қыздардың бірі саналатын Балауса Мұздыман WBA (Дүниежүзілік бокс қауымдастығы) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Ол жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді. Бұл туралы Мұздыман өзінің Instagram парақшасында бөлісті:

«Құттықтасаңыздар болады. Еңбек ешқашан зая кетпейді. Төртінші орынға көтерілдік. Армандаған межеге дейін бірнеше қадам қалды», — деп жазды боксшы қыз.

Еске сала кетейік, Балауса Мұздыман соңғы жекпе-жегін 7 маусым күні Алматыда өткізді. Ол мысырлық Аия Рамаданмен жұдырықтасып, жекпе-жекті бірінші раундта-ақ нокаутпен аяқтап, айқын жеңіске жетті.

Мұздыманның бұл жетістігі — оның әлемдік аренада үлкен мақсаттарға бір қадам жақындағанының айғағы.