21/05/25

WBO Бивол — Смит жекпе-жегін өткізуден ресми түрде бас тартты

Дмитрий Бивол мен Каллум Смит арасындағы титулдық кездесу болмайды. Бұл туралы Sport-24.kz хабарлайды.

Ұйым британдық боксшы Каллум Смиттің өтінішін қабылдамай, Биволмен жекпе-жек ұйымдастырудан бас тартты. Себеп — Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы трилогияны ұйымдастыруға басымдық берілуі.

WBO мәлімдемесінде Смит ұйымның міндетті үміткері болып қала беретінін және титул үшін алғашқы кезекте өнер көрсететіні атап өтілді.

Еске салайық, ақпан айында Дмитрий Бивол Артур Бетербиевтен реванш алып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын иеленген болатын. Үшінші жекпе-жек (трилогия) 2025 жылдың соңына жоспарлануы мүмкін.