“Ривер Плейт” клубының жас жұлдызы Франко Мастантуононың трансфері төңірегінде тартыс қызып тұр. Аргентиналық футболшыны мамандар “жаңа Месси” деп атап жүр. Оны өз қатарына қосуға екі алпауыт – Францияның ПСЖ және Испанияның “Реалы” таласып отыр, деп хабарлайды Sport-24.kz.
DefensaCentral мәліметінше, ПСЖ Мастантуоноға жылына 6,5 миллион еуро көлемінде жалақы ұсынған. Бұл сома, “Реал” президенті Флорентино Перестің айтуынша, “ақылға сыймайтын деңгейде”. Өз кезегінде “Реал” ойыншыға 4 миллион еуро көлемінде бастапқы жалақы ұсынбақ, бірақ бұл сома футболшының нәтижелеріне байланысты өсуі мүмкін.
“Ривер Плейт” 17 жастағы футболшыны 2025 жылдың соңына дейін клубта ұстап қалғысы келеді. Келісімшарттағы 45 миллион еуро көлеміндегі сатып алу сомасын төмендетуге клуб әзір емес. Сонымен қатар, Мастантуоно Марсело Гальярдоның басшылығымен ойнауды жалғастыруды көздеп отыр.
Мадридтік клуб Мастантуононың ПСЖ қысымына төтеп беріп отырғанына риза. “Реал” жалақы жарысына қосылмағанымен, футболшыға ұзақ мерзімді жоба ұсынып, оның болашағына сенім артып отыр.
Қаржы жағынан ПСЖ басым болса да, Мастантуононың таңдауы “Реалға” түсуі мүмкін. Трансферге қатысты шешім жақын арада белгілі болады, бірақ қазіргі таңда мадридтік клуб “жаңа Мессиді” өзіне тартуда басты үміткер болып тұр.