21/06/25

Қазақстандық дзюдошылардың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

13 маусым күні Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Турнир алдындағы жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды.

Ерлер құрамасы:

60 кг дейін:

– Мағжан Шамшадин — Дэвид Терао (АҚШ)

– Шерзод Давлатов — Харим Ли (Оңтүстік Корея) мен Дэниэль Леутгебтің (Австрия) жекпе-жегінің жеңімпазы

66 кг дейін:

– Ғұсман Қырғызбаев — Мартин Сетц (Германия) пен Цзыян Сюэнің (Қытай) жеңімпазы

73 кг дейін:

– Есет Қуанов — Жоан-Бенжамен Габа (Франция) мен Даниэль Сегеди (Венгрия) арасындағы кездесудің жеңімпазы

81 кг дейін:

– Абылайхан Жұбаназар — Петру Пеливан (Молдова)

90 кг дейін:

– Мейірлан Максим — Алексис Матье (Франция)

100 кг дейін:

– Нұрлыхан Шархан — Баймурат Мажанов (Түрікменстан)

– Марат Байқамұров — Заиль Рамирес (Куба) пен Миллимоно Абдулайе (Гвинея) арасындағы кездесудің жеңімпазы

100 кг жоғары:

– Ерасыл Қажыбаев — Минджон Ким (Оңтүстік Корея)

Әйелдер құрамасы:

48 кг дейін:

– Әбиба Әбужақынова — Марина Воробьева (Ресей) мен Андреа Стоядиновтың (Сербия) жекпе-жегінің жеңімпазы

– Ғалия Тынбаева — Эмбер Херсйэс (Нидерланд)

63 кг дейін:

– Эсмигүл Қуюлова — Кайя Кайзер (Словения)

Қазақстан құрамасы үшін бұл жарыс олимпиадалық рейтингтегі ұпайларды жинау тұрғысынан маңызды. Будапешттегі әлем біріншілігіне дзюдошылар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, үздік атағы үшін бақ сынайды.