21/06/25

Илия Топурия Ислам Махачевтің командасын сынап тастады

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Илия Топурия жеңіл салмақтағы экс-чемпион Ислам Махачевтің командасына қатысты сыни пікір айтты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«Олар бұл спорт түрін өздері ойлап тапқандай кейіп танытады… Бір аздап сабыр сақтап, өздеріңе айтылғанды орындаңдар. Қараңыздар, ол (Махачев) салмақ жоғарылатты, титулынан бас тартты, ал мен енді сол белбеу үшін жекпе-жекке шығамын. Бірақ бұл шешімді олар емес, ұйым қабылдайды», — деді Топурия ESPN-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Илия Топурия 28 маусымда АҚШ-та өтетін UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегінде экс-чемпион Чарльз Оливейрамен бос тұрған жеңіл салмақ белбеуі үшін күш сынасады.