21/05/25

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның үздік жас теннисшісі Әмір Омарханов италиялық Александр Биндамен жұптасып, Италияның Реджо-Эмилия қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Қос спортшы 1/8 финалда Стефано Д’Агостино / Микеле Рибечай дуэтін 6:1, 3:6, 10:4 есебімен жеңсе, ширек финалда тағы бір италиялық жұп — Лоренцо Бокки / Алессио Де Бернандиске қарсы сәтті өнер көрсетіп, 6:3, 6:3 нәтижесімен келесі кезеңге өтті.

Жартылай финалда Әмір мен Александр италиялық Федерико Яннакконе мен украиналық Георгий Кравченкомен кездеседі.