21/06/25

Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. Бұл туралы Sport-24.kz хабарлайды.

13 маусымда ел намысын тек Ғұсман Қырғызбаев қорғады. Ширек финалда жеңіліп қалғаннан кейін, ол жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Егер ол сәтті өнер көрсетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алар еді.

Алайда Қырғызбаевқа бұл жолы да жол болмады — ол жапониялық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абеге есе жіберіп, жарысты жүлдесіз аяқтады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір ғана медаль бар. Бұған дейін 48 келіде ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақынова күміс жүлдеге ие болған болатын.